Теңіз кен орнында заңсыз мигранттар ұсталды

14 ақпан, 2018, 12:18 906 Маңғыстау облысы
Теңіз кен орнында заңсыз мигранттар ұсталды

Тексеріс шағын бизнес орындарында – техникалық қызмет көрсету мен қоғамдық тамақтану орындарында жүргізілді.

Көші-қон полиция өкілдері Теңіз кен орнындағы рейд барысында 30-дан аса заңсыз мигрантты анықтады, деп хабарлады Хабар 24.

Бұл жолы тексеру шағын бизнес өкілдері нысандарының арасында өтті. Ол – техникалық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану орындары. Нәтижесінде вахталық елді мекендердің бірінде 31 келімсек жұмыскер анықталды. Олар арнайы рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген.  

Облыстың ІІБ Көші-қон полиция басқармасының заңсыз көші-қонмен күрес бөлімшесінің аға инспекторы Гаухар Өтеуова заңсыз мигранттарға жұмыс берген азаматтар да жауапкершілікке тартылғанын айтты.

"Анықталған заңсыз мигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Сондай-ақ, оларды жұмысқа заңсыз қабылдағаны үшін жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылды. Жақын уақытта тағы да осындай бірнеше тексеру өтеді", - деді Гаухар Өтеуова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар