Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ақтөбелік ұсталды

19 қараша, 2018, 12:02 1573 Ақтөбе облысы
Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ақтөбелік ұсталды

Олардан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс қаруы мен суық қару, оқ-дәрілер тәркіленді.  

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қолға түскендердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс қаруы мен суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.  

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар