"Тілдарын" олимпиадасының жеңімпазы атанды

Написать нам
25 қазан, 2018, 15:19 2464 Қызылорда облысы

Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты –  қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

Аталған маңызды шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» мамандығының  студенті Айя Көбесова қатысып, ІІІ орын иемденді және ақшалай сыйақы сертификатына ие болды.

 Ол мұның алдында Қызылорда облыстық   ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген  үштілді жетік меңгерген 18-22 жас аралығындағы  жастар арасындағы «Тілдарын-2018» облыстық олимпиадасында І орын иемденіп, республикалық олимпиадаға жолдама алған болатын.

Шәкіртінің табысты болуы – ұстаз мәртебесі. Демек, Айяны осы білім додасына дайындап, қолдау көрсеткен жетекшісі – колледж оқытушысы Ибрагимова Сәнияның да еңбегі зор. Мұндай табысты  шәкіртін білім шаңырағы да мақтан тұтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!