Сіздің алтын медаліңіз Қазақстан үшін тарихи жеңіс – Құлыбаев Колядинді жеңіспен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Сіздің алтын медаліңіз Қазақстан үшін тарихи жеңіс – Құлыбаев Колядинді жеңіспен құттықтады

15 наурыз, 12:11 3075 Астана
Сіздің алтын медаліңіз Қазақстан үшін тарихи жеңіс – Құлыбаев Колядинді жеңіспен құттықтады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Қазақстан үшін бұл медальдің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев шаңғышы Александр Колядинді Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті Александр! Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті және еліміздің спорт қоғамдастығы атынан Сізді Пхёнчхандағы XІI қысқы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің алтын медаліңіз Қазақстан үшін тарихи жеңіс және бұл жетістігіңіз еліміздің Паралимпиада спортының тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз. Сіздің мақсатқа жету жолында танытқан қайраттылық пен қайсарлығыңыз көпке үлгі. Шын жүректен Сізді, жаттықтырушылар құрамын және Қазақстанның Паралимпиада комитетін осындай жетістікпен құттықтаймыз!" - деді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев жақын күндері Пхенчханда Халықаралық Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттері арасында өзара әріптестік туралы ұзақ мерзімге арналған жаңа келісімге қол қойылғанын да атап өтті.

"Бұл спорт қағидалары мен идеалдарын насихаттау ісінде қос ұйымның бағдары бір екенін дәлелдейді. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті елімізде паралимпиадалық қозғалысты және оның дамытуға бағытталған барлық шараларды қолдайды", - деп атап өтті ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XII қысқы Паралимпиада ойындарында "алтын" медальға қол жеткізген шаңғышы Александр Колядинді жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл – еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында "алтын" алған шаңғышы Александр Колядинді құттықтады. Мәдениет министрлігінің басшысы бұл жүлде Қазақстандағы Паралимпиада спорты бойынша үлкен жетістік екенін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында 15 км қашықтықтағы спринтте алтын медаль алған қазақстандық спортшы Александр Колядин жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті. Ол "алтынға" көңілі толмағанын, егер де ресейлік қарсыластары Паралимпиада ойындарына қатысып, солардан озғанда өзін толықтай чемпион деп есептейтінін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар