Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

30 қараша, 2018, 17:56 3011 Астана
Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР ҰОК басшысы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында Атқару комитетіне мүше болып сайланды. 

Токиодағы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында Қазақстанның ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдардағы мерзімі аралағына ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кандидаттар әлемдегі 206 ҰОК арасында қаралды. Атқару комитетіне құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 олимпиадалық қозғалыстың спорт функционері кіреді. Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады. 

Мұндай жауапты қызметке тағайындалу - олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқанын, өз еліндегі спорттың дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін және спортшылардың халықаралық аренада жетістіктерді бағындыруын көрсетеді. 

Еске сала кетейік, 28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы есебі 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ҰОКҚ) қазіргі уақытта 206 ұлттық олимпиадалық комитеттердің басын біріктіретін халықаралық Олимпиада Комитеті мойындаған халықаралық ұйым болып табылады. Ол 5 құрлықтық бірлестіктерге бөліп қарастыылады - Африка, Америка, Азия, Еуропа және Океания. ҰОКҚ-ның негізгі міндеттері - барлық ҰОК-ның өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және жалпы мәселелерді шешу, олимпиадалық қозғалысты және олимпиадалық ынтымақтастықты нығайтуға, ҰОК арасында Олимпиадалық ынтымақтастықты тиімді түрде таратуға және Олимпиадалық қозғалыстың барлық көріністерінде кемсітушілікті жоюға көмектесу үшін ХОК және құрлықтық бірлестіктермен ынтымақтасу.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар