ТҚЖБ-ның бес мың салымшысы мемлекеттік сыйлықақы ала алмады - Жаңалықтар | BNews

ТҚЖБ-ның бес мың салымшысы мемлекеттік сыйлықақы ала алмады

05 ақпан, 18:10 528 Астана
ТҚЖБ-ның бес мың салымшысы мемлекеттік сыйлықақы ала алмады

Аталған салымшылар басқа банктер алдындағы қарыздарын дер кезінде қайтара алмаған.

Екінші деңгейлі банктердің талаптары бойынша 5 000 депозитке тыйым салынғандықтан, бұл шоттардың иелері мемлекеттік сыйлықақы ала алмады, себебі аталған салымшылар басқа банктер алдындағы қарыздарын дер кезінде қайтара алмаған, деп хабарлады ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Жекелей алғанда, біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы тұтынушылық несие бойынша төлемді кешіктірген күннің өзінде екінші деңгейлі банктерге төлем талаптарын тұрғын үй құрылыс жинақтарына қатысты қолдануға тыйым салуды ұсынып отырмыз.

Жалпы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 895 360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сыйлықақыға қол жеткізді.

90 760 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 160 780 клиенті алды. Бұл салымшылар 2017 жылы шоттарына кем дегенде 453 800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне үлкен сома аударған клиенттер мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген биылғы қаражат бойынша 20 пайыздық аталған бонусты 2018 жылдың нәтижесінде ала алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларға арналған тағы бір жаңалығын ұсынады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйлықақы 2019 жылдың алғашқы күндері түседі деп жоспарланып отыр. Қазір осы бағытта бизнес-процестер жетілдіріліп, нормативтік құжаттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары