Тоғызыншы қазанда елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Написать нам
09 қазан, 2018, 09:16 1864
Тоғызыншы қазанда елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы ашық болады, тек солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соқпақ.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар