Тойға барған Өзбекстан шенеуніктері қылмыстық жауапкершілікке тартылады - Жаңалықтар | BNews

Тойға барған Өзбекстан шенеуніктері қылмыстық жауапкершілікке тартылады

04 наурыз, 17:15 2371
Тойға барған Өзбекстан шенеуніктері қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Шавкат Мирзиеёв өзінің қарамағындағыларға салтанатты жиындарға баруға тыйым салды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв өзінің қарамағындағыларға салтанатты жиындарға баруға тыйым салатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz Uznews сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде атқарушы билік өкілдерінің салтанатты жиындарда қыдырырудың орнына, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем берулері керектігін айтқан Өзбекстан басшысының аудио жазбасы таралды. Сондай-ақ, ол шенеуніктердің көпшілік алдында жиындарда отыратын уақыт артта қалғанын да айтты.

"Премьер-министрге, хокимдерге, атқарушы билік өкілдеріне тойларға баруға тыйым салынады. Мемлекеттік көліктерді шайхана маңында көрген күні жұмыстан шығарамын және қылмыстық жауапкершілікке тартамын. Ол уақыттар өтіп кетті. Бұл адамдарға ұнамайды. Салтанатты рәсімдер де, тойлар да басшыларсыз өтетін болады. Премьер-министр тәкаппарланып, өзінің барлық орынбасарымен тойға келеді, ал қонақтардың барлығы орындарынан тұрып, оларды қошеметпен күтіп алады. Сен сол ақшаға бояу сатып ал да, көмекке мұқтаж адамдардың үйін жөндеп бер, оларға 20 килограмм ет, теледидар, сатып алып бер, ұятсыз", - деп Шавкат Мирзиеёвтің сөзін жеткізді өзбекстандық БАҚ.  

Сонымен қатар, Өзбекстан президенті тойға шақырылатын қонақтардың саны мен салтанатты жиынның өткізілу уақытын заң жүзінде белгілемек. 

"Ташкентте төрт қыздың ата-анасы төрт рет той өткізу үшін асылып қалулары керек! Неге? Өйткені басқа жол жоқ! Бейшара, бәрібір қарызға батады, өзінің денсаулығына көңіл бөлмейді, дәрігерге бармайды, ал оның орнына тойға ақша жинайды. Елімізде той салтанаты 13:00-ден 14:00-ге дейін өтуі керек, ал қонақтардың саны 150-ден аспауы керек", - деп сөзін толықтырды Өзбекстан басшысы.

Ұқсас жаңалықтар