Тоқаев Индонезияға жұмыс сапарымен барады - Жаңалықтар | BNews

Тоқаев Индонезияға жұмыс сапарымен барады

12 наурыз, 2018, 12:35 1575
Тоқаев Индонезияға жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті Джоко Видодомен кездеседі деп күтілуде, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

2018 жылғы 12-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияға жұмыс сапармен барады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болады. Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді.

Қазақстан Сенатының төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшымен кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар