Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13 Декабря, 2018, 15:26 2529
Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады |  | BNews.kz

Сенат басшысы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыруда екі мемлекеттің заң шығару органдарының рөлі зор екеніне тоқталды.

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев "China General Technology Holding" (Genertec) холдингі басқармасының төрағасы Лу Йиминді Қазақстандағы автомобиль жасау саласын жаңғыртуды көздейтін инвестициялық ірі келісімге қол қойылуымен құттықтады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл келісім сауда және инвестиция саласындағы үлкен оқиға ретінде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында зор серпіліс туғызып отыр.

Лу Йимин Genertec холдингінің Қазақстанда қол жеткізген келісімдері мен жаңа жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.

Сенат Төрағасы әлемдік экономикадағы ҚХР-дың орны Қазақстанда белгілі екені және Қытаймен ынтымақтастық басым бағыт ретінде саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бес жыл бұрын Астанада жария еткен Жібек жолы жаңа стратегиясын іске асыруда бірлескен іс-қимылдың маңызды екенін айтты.

Сенат басшысы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыруда екі мемлекеттің заң шығару органдарының рөлі зор екеніне тоқталды. Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшудың Қазақстанға сапары парламентаралық үнқатысуларға жаңа серпін бере алады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости