Тоқмәдиді 14 жыл бұрынғы қылмысы үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады   - Жаңалықтар | BNews

Тоқмәдиді 14 жыл бұрынғы қылмысы үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады  

12 наурыз, 2018, 17:26 1561 Жамбыл облысы
Тоқмәдиді 14 жыл бұрынғы қылмысы үшін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады  

Мемлекеттік айыптаудың мәлімдеуінше, Тоқмәдидің кінәсі толық дәлелденіп, ол қылмысты қасақана жасаған.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сот отырысы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта өтiп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі "ж", "з" тармақтарында (қарақшылық және бопсалау арқылы, пайда табу үшін алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Мемлекеттік айыптаушы, Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Жеңілдететін мән-жай ретінде прокурор Есқалиев Тоқмәдидің кішкентай балалары барын және тергеу барысына белсенді араласқанын және кінәсін мойындағанын атап өтті. Мемлекеттің айыптаудың мәлімдеуінше, ауырлатар жағдайлар жоқ.  

"Кесімді түрде 12 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін", - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаудың мәлімдеуінше, Тоқмәдидің кінәсі толық дәлелденді, ол қылмысты қасақана жасаған. Сондай-ақ, прокурор Тоқмәди осыған дейін қылмысын мойындағанын және жасаған ісіне өкінетінін айтып өтті.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты куәгер Ерлан Атамқұлов 90-шы жылдардың соңында болған жағымсыз оқиға туралы айтып, "Ол көмектесуге әрекет жасамады" деп Тоқмәдиге мінездеме берді. Осыдан кейін ол сотталушы Мұратхан Тоқмәдимен байланысын мүлдем үзген.

Сондай-ақ, сотта Асхат Сейітовтің інісі – Талғат Сейітов растап, Мұхтар Әбләзовтің қолма-қол ақшаға айналдырылған қаржысын жеткізіп беру схемасы туралы айтып берген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар