Тоқмәдидің ісі: Сарапшылар Тәтішев мылтығының өздігінен атылып кету дерегін анықтауда - Жаңалықтар | BNews

Тоқмәдидің ісі: Сарапшылар Тәтішев мылтығының өздігінен атылып кету дерегін анықтауда

Тоқмәдидің ісі: Сарапшылар Тәтішев мылтығының өздігінен атылып кету дерегін анықтауда

Шымкентте "шыны патшасы" атанған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты істе соңғы нүктені Америка мен Делиден келген сарапшылар қоюы мүмкін. Тәтішев отбасының қорғаушысы Евгений Ягорскийдің айтуынша, тараптар сараптама өткізу үшін үш тәуелсіз сарапшыны шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Сарапшылар қайтыс болған банкирге тиесілі неміс мылтығының өзінен-өзі атылу мүмкіндігін анықтайды. 

"Мен Тәтішевтер отбасының мүддесін қорғаймын. Олар Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты зардап шеккендер. Осыған байланысты айтарым, 2018 жылдың 27 ақпанында Тараз қаласына американдық Майкл Патрик Мерфи пен Скот Майкл Перкинск атты криминалист-мамандар келеді. Бұл сарапшылардың осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Сондай-ақ Ирис Дейлли де ұшып келеді. Ол атыс қаруымен байланысты қылмыстар маманы", - деді Евгений Яворский баспасөз мәслихатында.

"Біз осы мамандар сотта куә ретінде өту үшін, өтінішхат жолдаймыз. Сондай-ақ сарапшылардың бізге берген қорытындыларын жариялауды жоспарлап отырмыз", - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты куәгер Ерлан Атамқұлов 90-шы жылдардың соңында болған жағымсыз оқиға туралы айтып, "Ол көмектесуге әрекет жасамады" деп Тоқмәдиге мінездеме берді. Осыдан кейін ол сотталушы Мұратхан Тоқмәдимен байланысын мүлдем үзген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары