Тоқмәдидің қызы Instagram-да өзінің тонын сатуға қойды - Жаңалықтар | BNews

Тоқмәдидің қызы Instagram-да өзінің тонын сатуға қойды

19 ақпан, 17:35 848 Астана
Тоқмәдидің қызы Instagram-да өзінің тонын сатуға қойды

Ол тонды 75 мыңға бағалаған.

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкірхан Instagram-дағы өзінің жеке парақшасында тонын сатуға қойған, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өзімнің тонымды 75 мыңға сатамын. Алайда оны әлдеқайда қымбатқа сатып алғанмын. Жүні бүтін, жақсы қалыпта сақталған. Тон өте әдемі көрінеді, S өлшеміне де, сондай-ақ L өлшеміне де сәйкес келеді. Барлық сұрақ бойынша дайректке жазыңыздар", - деп жазды ол.

Зере Шәкірхан тонын сатып жүрген кезде Тараз қаласында оның әкесі Мұратхан Тоқмәдидің сот ісі жүріп жатыр. Ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірген деп айыпталып жатыр.

Сондай-ақ, Ержан Тәтішевтің өліміне Мұхтар Әбләзовтің қандай қатысы бар екенін сотта куәгер айтып берді. Банкирдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер өзінің қайтыс болған ағасымен олигарх Мұхтар Әбләзовтің ірі ақшалай қаражатын қолма-қол ақша етіп бергендерін айтып берді. Оның айтуынша, банкир Тәтішев тапсырыс беру арқылы өлтірілген.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты куәгер Ерлан Атамқұлов 90-шы жылдардың соңында болған жағымсыз оқиға туралы айтып, Тоқмәдиге әріптесі мінездеме берді. Содан кейін ол сотталушы Мұратхан Тоқмәдимен байланысын мүлдем үзген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары