Төрт қаланың әуежайы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр - Жаңалықтар | BNews

Төрт қаланың әуежайы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

12 қаңтар, 18:30 1771 Қазақстан жаңалықтары
Төрт қаланың әуежайы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

Қазіргі уақытта Астана, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларының әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрақты рейстер белгіленген кестеге сәйкес орындалуда, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Астана қаласының әуежайында аздаған қар жауып тұр, шамалы жел бар, ауа температурасы - 14 градус, желдің жылдамдығы секундына 7-9 метр, көріну қашықтығы 1100 метр.

«Қарағанды қаласының әуежайында аздаған қар жауып тұр, шамалы жел бар, ауа температурасы - 10 градус, желдің жылдамдығы секундына 10 метр, көріну қашықтығы 1300-ден 1600 метрге дейін.
Көкшетау қаласының әуежайында ауа температурасы - 23 градус, желдің жылдамдығы секундына 8 метр, көріну қашықтығы 10 км. 
Павлодар қаласының әуежайында бұрқасын, ауа температурасы - 9 градус, желдің жылдамдығы секундына 6 метр, көріну қашықтығы 10 км», - делінген хабарламада.

Астана әуежайы кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайы уақытша жабылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар