ЦентрКредит Банкі "Баспана хит" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық қарызды берді

3 Января, 2019, 14:23 3544
ЦентрКредит Банкі "Баспана хит" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық қарызды берді |  | BNews.kz

ЦКБ клиенті екі бөлмелі пәтер алу үшін кредит ресімдеді.

 

"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Алматы қалалық филиалында ҚР Ұлттық Банкінің және "Баспана" ИҰ" АҚ-тың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Баспана хит" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық тұрғын үй қарызы берілді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"Біздің "Баспана" компаниясымен бірге "7-20-25" бағдарламасын іске асыру бойынша сәтті тәжірибеміз бар. Жаңа бағдарлама қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейте түсті. Себебі "Баспана хит" бағдарламасы бастапқы нарықта, сондай-ақ қайталама нарықта пәтер таңдауға мүмкіндік береді. Бірлесіп іске асырып жатқан бағдарламамыздың маңызы зор болатынына сенімдімін", - деп атап өтті ЦКБ-нің Басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов. 

Екі бөлмелі пәтер алуға Банктен кредит алған алғашқы клиент Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің HR-директоры Әсел Дюсетаева болды.

"Құжаттарды ресімдеуді қосқанда, кредит алуға бар болғаны үш сағат кетті. Мәмілені мерекеден кейін ресімдегім келіп еді, бірақ банктің менеджерлері менің жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы ала алатыныма көзімді жеткізді. Солай болды да. Шапшаңдығы мен кәсібилігі үшін ЦентрКредит Банкінің қызметкерлеріне ілтипатымды білдіргім келеді", - деді Әсел Дюсетаева.

ЦКБ клиентін Банктің Алматы қалалық филиалының директоры Нұрлан Шегебаев құттықтап, тілегін білдірді. 

"Баспана хит" бағдарламасы бойынша қарыз алған алғашқы клиентімізді жаңа қонысымен шын жүректен құттықтаймын. Көптен күткен осы қуаныштың Жаңа жыл қарсаңында болғаны тегін емес. Серіктес ретінде біздің Банкті таңдағаны үшін біз Әселге алғыс айтамыз және оның үмітін ақтадық деп сенеміз. Әселге және оның отбасына шаңырағының құтты да жайлы болуын тілеймін", - деді Нұрлан Шегебаев.

"Баспана хит" бағдарламасының талаптарын айта кетер болсақ, ипотекалық қарыздар 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна бастапқы нарықта сатып алатын пәтер құнының кемінде 20%-ын, ал қайталама нарықта кемінде 30%-ын құрайды. Сатып алатын пәтер қарызды қамсыздандыру ретінде қабылданады. Сатып алуға болатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін 25 млн теңге, қалған өңірлерде 15 млн теңге болады.

Сыйақы мөлшерлемесі келесі формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +175 базистік пункт.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости