"Цеснабанкте" ауылшаруашылық секторына қандай қолдау көрсетілетіні айтылды

26 Сентября, 2018, 19:40 2208
"Цеснабанкте" ауылшаруашылық секторына қандай қолдау көрсетілетіні айтылды |  | BNews.kz

Енді ауылшаруашылық компанияларына несие төмен пайызбен және тек теңгемен берілетін болады.

Бүгін Астанада өткен брифингте "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесі мүшесі Николай Мещеряков ауылшаруашылық секторына қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді. Енді ауылшаруашылық компанияларына несие төмен пайызбен және тек теңгемен берілетін болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Ауыл шаруашылығын өнімдерін өндірушілерді қолдау шаралары бекітілді. Біз жұмыстарын табысты жүргізіп отырған компаниялар үшін кредиттік жүктемені азайтамыз. Себебі, басқа валютамен берілген кредиттер ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың жұмысына айтарлықтай салмақ түсірді. Салдарынан олардың жұмысы қиындай түсті. Енді біз кредитті төмен процентпен тек теңгемен береміз. Бұл ауылшаруашылық компанияларына жұмысын табысты жүргізіп, дамуына мүмкіндік береді", - деді Николай Мещеряков.

"Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесі мүшесі "Родина" (Ақмола облысы), "Тайынша астық" (Солтүстік Қазақстан облысы) шаруа қожалықтарының жұмысына жоғары баға беріп, олардың инновациялық технологияларды пайдаланып отырғанын атап өтті.

"Сондықтан біз ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялармен байланысты нығайта түсеміз. Үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізе береміз", - деп сөзін қорытындылады спикер.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости