"Цеснабанк" өзбекстандық "Агробанкпен" серіктестікті дамытуды көздеп отыр

07 қараша, 2018, 09:52 1981

Өзбекстанның "Агробанкінің"  делегациясы Астана қаласына келіп, іскерлік байланысты дамытуды және қазақстандық тәжірибені зерттеуді жоспарлап отыр.

 

"Цеснабанк" АҚ басқарма төрағасы Ульф Вокурка және "Агробанк" АКБ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Абдурахмон Шеров өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта екі жақ өзара әріптестікті дамытуға ниетті  екені және тәжірибе мен білім алмасуды жалғастыратыны расталады.

У. Вокурканың айтуынша, «Цеснабанк» пен «Агробанкте» өз елдері ішіндегі нарықтағы  позициялары тепе-тең, сондықтан әріптестік пен диалог екі жақтың да қызығушылығын тудыратыны анық.

Екі банктің де бағдары ауыл шаруашылығына бағытталғанын ескерсек, стратегиялық серіктестіктің дамуымен банктерде Қазақстанда да, Өзбекстанда да жұмыс істейтін клиенттер пайда болады деп күтілуде.

«Біз оларға шекараның арғы жағынан да қызмет көрсете алатын боламыз. Бүгін біздің кездесуімізден соң трансшекаралық серіктестік орнай бастады», - деп қорытындылады У. Вокурка.

«Біз өзара іс-әрекет жасау туралы меморандумға қол қойдық, онда алдағы уақытта біз байланыстырма қатынастар құратынымыз туралы мәселені қарастыратынымыз айтылған. Біз төлемдерді теңгемен, ал «Агробанк» барлық төлемдерін Өзбекстанда суммен жүзеге асыратын боламыз», - деп түсіндірді Ульф Вокурка.

«Агробанк» АКБ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Абдурахмон Шеров меморандумға қол қоюдың екі ел арасындағы әріптестікті дамытудағы маңыздылығын атап айтты.

«Цеснабанктің» экономиканың аграрлық секторын қаржыландыруда үлкен тәжірибесі бар, банктің активтер мен несиелер портфелінде ауыл шаруашылығы үлкен көлемге ие. «Агробанкте» бұрыннан қалыптасқан даму бағыты біз аграрлық секторды қаржыландыратын Өзбекстанның басты қаржылық институты екенін дәлелдейді. Бізді «Цеснобанктің» осы саладағы тәжірибесі қызықтырады. Біздің мүдделеріміз бірдей, жәнеде бүгінгі серіктестіктің бастауы ара қатынасымызды әрі қарай дамытуға жаңа серпін береді деп ойлаймын», - деді А. Шеров.

Жыл соңына дейін «Цеснабанк» делегациясы Өзбекстанға барып, екі банк арасындағы стратегиялық диалог жалғасын табады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!