"Цеснабанк" Түркістан облысында жаңа филиал ашты

Написать нам
31 қазан, 2018, 12:14 2032 Түркістан облысы

Түркістан аймағы Шымкенттен Түркістанға облыс орталығын ауыстырғаннан бері қарқынды дамудың жаңа серпілісіне ие болды. Қазақстан Президенті аймақта экономиканың өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына және барлық қажетті инфрақұрылымдарды құруға жағдай жасау бойынша тапсырмалар қойды

Елбасының тапсырмаларын орындай отырып, «Цеснабанк» АҚ алғашқылардың бірі болып Түркістанда филиалын ашты. Банктің жаңа өкілеттігі облыс халқына және жергілікті кәсіпкерлерге қаржылық қызмет көрсетуде, және де соның арқасында аймақтың дамуына үлес қосуда.

«Банк басшылығы жаңа филиал ашу туралы шешім қабылдады, себебі Түркістан облысында туризм, ауылшаруашылығы, өнім өндіру және инвестициялар саласындағы жоғары әлеуетін бағалап отыр. Қазіргі таңда филиал Сарыағаш және Ақсудағы екі бөлімше негізінде жұмыс істеп жатыр, алдағы уақытта облыс орталығында да бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз. Клиенттерді бөлімшелерімізге шақырамыз және өзара тиімді ынтымақтастығымызға қуанышымызды білдіреміз», - деді «Цеснабанк» АҚ Түркістан филиалының директоры Досмұхамбет Сарғалдақов.

Филиал басшысы Д.Сарғалдақовтың айтуынша, қазірдің өзінде жаңа кеңсе шамамен үш мыңға жуық заңды тұлғалардың шоттары бойынша қаржылық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ күніне 100-150-ге жуық жеке тұлғалармен жұмыс жасайды.

«Бүгінгі таңда біз халыққа шот және депозит ашу, валюталық және теңгеде аударымдар жүргізу бойынша қызмет көрсетудеміз. Бұған қоса жалақы жобасы бойынша қызмет көрсетуді жəне түрлі банктік карталар ашуды жүзеге асырудамыз», - деп түсіндірді филиал директоры.

Алдағы уақытта Түркістанда жаңа кеңсе ашылған соң, қызметкерлер саны ұлғайтылып, көрсетілетін қызмет түрлері де кеңейтіледі.

«Цеснабанк» АҚ қаржылық қызмет кеңістігіндегі алатын орындарын кеңейтіп, үнемі дамып отыруға бағыт алған. Түркістан филиалы осымен 22-ші бөлімше. Жалпы алғанда, барлық бөлімшелерді санағанда Цеснабанк бүкіл Қазақстан бойынша 151 нүктеде клиенттеріне қызмет көрсетеді.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!