«Цифрлық Қазақстан» аясында 120 іс-шараны жүзеге асыру көзделуде - Жаңалықтар | BNews

«Цифрлық Қазақстан» аясында 120 іс-шараны жүзеге асыру көзделуде

04 желтоқсан, 11:00 994 Астана
«Цифрлық Қазақстан» аясында 120 іс-шараны жүзеге асыру көзделуде

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебінен 169 млрд-тан астам теңге, әрі республикалық бюджеттен 141 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Үкімет отырысында Дәурен Абаев аталған бағдарлама 5 бағытты қамтитынын атап өтті.

«Бірінші, «Экономика саласын цифрландыру» – бұл экономиканың дәстүрлі саласын жаңа технологияларды пайдалана отырып, еңбек өнімділігін арттыру әрі капиталдандыру деңгейін өсіру. Екінші, «Цифрлық мемлекетке көшу» - бұл халыққа және бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңа, сапалы деңгейге көтеру». Үшінші, «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» - жоғары жылдамдықтағы және қорғалған ақпарат тарату инфрақұрылымын, олардың сақтау және өңдеуді дамыту. Төртінші, «Адам капилатын дамыту» - креативі қоғамды құру. Бесінші, «Инновациялық эко жүйені құру» - бұл бизнес, ғылым мен мемлекет арасында технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту үшін жағдай жасау», - деді ол.

Оның пікірінше, мемлекет инновациялық экожүйенің катализаторы қызметін атқарып, инновацияны бейімдеп, өндіріске енгізе алуы қажет.

Осы орайда министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қанша қаржы бөлінетінін айтты.

«Аталған 5 бағыт бойынша 17 бастама мен 120 шара жүзеге асыру қарастырылған. Оның бір бөлігі алдағы жылдары нақты жүзеге асуы керек. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебінен 169 млрд-тан астам теңге әрі республикалық бюджет есебінен 141 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар