Цифрлық технологиялар мен адам денсаулығы тақырыбы АЭФ-2018-де талқыланды - Жаңалықтар | BNews

Цифрлық технологиялар мен адам денсаулығы тақырыбы АЭФ-2018-де талқыланды

18 мамыр, 13:16 3295 Астана
Цифрлық технологиялар мен адам денсаулығы тақырыбы АЭФ-2018-де талқыланды

Астана экономикалық форумы аясында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов панельдік сессияда "Жасанды зерде дәрігерді қалай алмастырады" тақырыбында сөз сөйледі.

Министр өз сөзінде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру төрт сегменттен: сауықтыру және аурудың алдын алу, ауруларды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және ауруларды емдеу және оңалтудан тұратын адам денсаулығының экожүйесіне негізделгенін атап өтті, деп хабарлайды  BNews.kz Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Денсаулық - бұл оның барлық сегменттерінде цифрлық технологияларды қолдану. Ең алдымен, бұл біз пилот ретінде қолданып бастап жатқан цифрлық технологиялар. Мәселен, мобильді қосымшалар, арнайы сайттар және т.б. Олар адам денсаулығын жақсартуға және сақтауға бағытталған", - деді министр.

Сонымен қатар, министр бүгінгі таңда Қазақстанның 8 облысында пилоттық режимде қағазсыз денсаулық сақтау жүйесіне көшу жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. 120 қағаз формасы цифрландырылды. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін барлық өңірлер қағазсыз денсаулық сақтау жүйесіне ауысады.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов "Watson for Oncology" онкологияға жасанды зердені енгізу жұмысына толығырақ тоқталып өтті. Аталған бағдарлама емдеудің жекелеген әдістерін таңдап, онкологиялық сараптамаға қолжетімділікті арттырады және 300-ден астам медициналық ғылыми журналдың, 200 оқулық пен шамамен 15 млн бет мәтіннің деректерін өңдеу арқылы медициналық әдебиеттің үлкен көлеміне талдау жасайды.

Кезекті бір жоба - қазақстандық ғалымдардың қатысуымен Қазақстан–Британ техникалық университеті базасында машиналық оқыту бойынша шешімдерді енгізу. Жоба мақсаты - машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау жүйесінің деректерін өңдеу әдістері мен платформаларын әзірлеу.

Watson for Oncology жасанды зердесін National Comprehensive Cancer Network жетекші сапаршы онколог мамандары зерделеген. Watson for Oncology-дың әлем бойынша 15 алдыңғы қатарлы елде табысты тәжірибесі бар.

Форумның басты мақсаты - жаһандық проблемаларды шешу жолдарын іздестіру. Global Challenges Summit 2018 форумына 111 елден 1627 делегат қатысуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары