Түбінде Наурыз біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады – Назарбаев - Жаңалықтар | BNews

Түбінде Наурыз біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады – Назарбаев

21 наурыз, 2018, 13:10 4870 Астана
Түбінде Наурыз біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады – Назарбаев

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтау сөзінде айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты мюзиклге қатысу барысында қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Құрметті отандастар, келе жатқан көктем мен жақсылықтың мерекесі - Наурыз мейрамы барша қазақстандықтарға құтты болсын! Бұл - ұзын қыстан кейін, аяз бен бораннан кейін асыға күтетін мерекеміз. Менің Жарлығыммен, Наурызды үш күн тойлайтын боламыз. Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінекей, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады. 1 қаңтарды I Петр Батыс Еуропадан алып келген еді. Оны да тойлаймыз. Бірақ біздің негізгі мерекеміз - күн мен түннің теңелетін, табиғаттың барлығы оянатын кез", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің сөзінше, Тәуелсіздік жылдары ішінде біраз шаруа атқарылды. Бұның барлығы xалық бірлігі арқасында іске асып отыр. Әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңару, теxнологиялық даму, руxани жаңғыру және тағы басқа бағдарламалар қолға алынды. Бес әлеуметтік бастама да қарапайым xалықтың жағдайын жақсартуға арналған. Себебі оның ішінде арзан ипотека, жатақxана салу, табысы аз адамдарды салықтан босату, газдандыру сияқты маңызды мәселелер бар.

Қазақстан Президенті елдің бірлігі мықты болғандықтан, мемлекеттің абыройы артып келетінін айтты.

"Осы уақытқа дейін Қазақстан әлемге кеңінен танылды. Елдің бірлігі мықты болғандықтан, мемлекеттің абыройы артып келеді. Болашақта осыны ұстануымыз қажет. Себебі елдің бірлігі, бір жұдырық болып жұмылуы - болашақ табыстарымыздың көзі болып саналады", - деп атап көрсетті Елбасы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар