Астанада "Туған жер-алтын бесігім" байқауының жеңімпаздары марапатталды

16 қараша, 2018, 17:23 3009 Астана
Астанада

Байқауды "Qazсоntent" АҚ жариялаған еді.

"Қазконтент" АҚ өткізген "Туған жер-алтын бесігім" атты конкурстың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz

Байқау 2018 жылғы 31 қазан мен 14 қараша аралығында өтті. Байқау тақырыбы Қазақстанда туризмді дамытуға арналған. Қатысушылар бейнетүсірілімде туған өлкенің сұлулығын көрсетуі тиіс болатын.

Қатысушылар 3 минуттық бейнесюжетті түсіріп, әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында орналастырды. Бейнероликте олар туған өлкенің табиғатын көрсетіп, тарих беттеріне үңіліп, туризмді дамыту бағытына өз үлестерін қосты.

Қатысушылардың жұмысын ұйымдастырушылар Фейсбук-Qazbesik немесе Инстаграмм - @qazaqbesik әлеуметтік желілерінің беттерінде орналастырды.

Конкурска 50-ден астам жұмыс келіп түсті. Жұмыс сипаттамасында #qazcontentkonkurs2018, #konkurs_s_qazcontentom хэштэгтері  көрсетілді.

Жүлделі орындарды анықтау инстаграмм және фэйсбук әлеуметтік желілердің ресми беттерінде орналасқан бейнероликтердің астындағы "лайк" санын есептеу жолымен жүргізілді. Ең көп "лайк" жинаған қатысушылар жеңімпаз атанды. Үшінші орынды киелі Түркістан туралы бейнероликтің авторы Олжас Әлжанов, ал екінші орынды Айбек Маратов алды. Ол қысқа бейнероликте туған жері Баянауылдың керемет табиғатын туралы әңгімелеп берді. 1 орынды көкшетаулық Игорь Стрельцов иеленді. Жеңімпаз Бурабайдың тамаша табиғаты туралы әңгімелеп, туристерді осы жерде демалуға шақырды.

"Менің ойымша, аталмыш байқауды ұйымдастыру ішкі туризмді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді",- деп атап өтті бірінші орын иегері Игорь Стрельцов.

І орын жеңімпазы 900 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ІІ орын иегері 600 000 теңге және ІІІ орын жеңімпазы 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар