Түлкібас ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды

09 сәуір, 2018, 11:13 1915
Түлкібас ауданында

Оған қазынадан жалпы 2 млрд. 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды  BNews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Оған қазынадан 2 млрд. 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғын үйлер ауданның Т. Рысқұлов және Састөбе ауылында бой көтеруде. Бұл елді мекендерде бүгінде 32 мыңға жуық халық тұрады.

Құрылысы қарқын алған Т.Рысқұлов ауылында көпқабатты 5 тұрғын үй, ал Састөбе поселкесінде 32 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 320 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ. 

Мұнда заманауи тұрғын үй құрылысымен қатар аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да жүргізілуде.  Бүгінгі таңда ауданда 1507 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Оңтүстік Қазақстан облысы #Нұрлы жер #тұрғын үй #баспана

Читайте также

Похожие новости