Түркі әлемінің 2019 жылғы жаңа мәдени астанасы Ош қаласы болады

19 Декабря, 2018, 12:30 2146
Түркі әлемінің 2019 жылғы жаңа мәдени астанасы Ош қаласы болады |  | BNews.kz

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2017 жылы Түркістанды түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялаған.

Қырғызстанның Ош қаласы түркі әлемінің 2019 жылғы мәдени астанасы деп жарияланды. Сәйкесінше шешім 18 желтоқсанда Түркияның Кастамону қаласында өткен ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 36-отырысында қабылданды, деп хабарланды Ca-news.org сайтында. 

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой тұрақты кеңестің келесі отырысы Ош қаласында өтетінін хабарлады. ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дюсен Касеинов, өз кезегінде, туристерді түркі әлемінің жаңа мәдени астанасын аралауға шақырды.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости