Түркістан облысы халқының 99%-ы цифрлық телевизиямен қамтылды

27 қараша, 2018, 19:13 1730 Түркістан облысы
Түркістан облысы халқының 99%-ы цифрлық телевизиямен қамтылды

Шымкент және Түркістан қалаларында цифрлық эфирлік телехабар қосылған соң телеарналар саны айтарлықтай артты.

Түркістан облысы және Шымкент қаласы халқының 99,8%-ы цифрлық телевизиямен қамтылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін цифрлық жер үсті теледидарларына көшу жобасы аясында Шымкентте аналогтық теледидар өшіру рәсімі болып өтті және Түркістан облысымен Шымкент қаласында цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесі іске асырылды.

Іс-шараға Түркістан ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгеруші міндетін атқарушы Меруерт Тоқсанбаева, "Қазтелерадио" АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков және Түркістан ОДРТ директоры Алмас Кұлымбетов қатысты.

2015 жылы Түркістан облысы және Шымкент қаласында ЦЭТТ жүйесін енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру аяқталды. Орталық теледидар және радио хабарларын тарату орталығына сәтті қосылуды қамтамасыз ету үшін және аймақтағы аналогтық хабар таратуды ажырату үшін 80 радио-теледидар станциясы салынып, модернизацияланды, Түркістан облысында – 79, Шымкент қаласында – 1 радиостанция. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, сөйлеген сөзінде ол цифрлық хабар таратумен қамтылмаған елді мекендер туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Компания осы елді мекендердің тұрғындарын жоғары сапалы цифрлық жер теледидары арқылы теледидармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.

"Бүгінгі күні облыста 880 елді мекенді қамтуға мүмкіндік беретін 80 РТС салынып, модернизацияланды, бұл облыс халқының 99,8%-ын құрайды. Аймақта сандық хабар таратумен қамтылмаған 20 елді мекен бар. Олар үшін жоғары сапалы теледидар бар екенін ескереміз. Бүгінгі күні ЦЭТТ-ды қамту аймағында 1413 үй тіркелді, олардың әрқайсысы "OTAU TV" ұлттық спутниктік телеарнасына қосылған", - дейді Искандер Тәжібеков.

Өз кезегінде, Түркістан аймағының ішкі саясат бөлімінің меңгеруші міндетін атқарушы Меруерт Тоқсанбаева тұрғындармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, облыс әкімдігінің қолдауымен халықты ақпараттандыру үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ол өз сөзінде атаулы әлеуметтік көмек көрсететін отбасылармен жұмыс істеу туралы әңгімеледі.

Айта кетейік, аналогтық хабар өшірілгенге дейін Шымкент қаласында 11 аналогтық телеарна Түркістан аймағында 4 телеарна болды. Енді сандық эфирлік телевидение арқылы қосылғаннан кейін Шымкенттің және Түркістан қалаларының тұрғындары 27 телеарнаға қол жеткізе алады және облыс орталығынан төмен елді мекендерде 11 телеарна бар, оның 2-і HD сапалы телеарна.

Еске салсақ, "Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерін аналогтық телехабар таратудан бірте-бірте ажырату жоспарлануда. Осы бағдарламаға сәйкес, Қазақстан 2021 жылға қарай аналогтық хабар таратудан толығымен бас тартады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар