Түркістан облысында 10 мыңнан астам жас ана SMS арқылы құжат рәсімдеген - Жаңалықтар | BNews

Түркістан облысында 10 мыңнан астам жас ана SMS арқылы құжат рәсімдеген

24 шілде, 11:19 1662 Түркістан облысы
Түркістан облысында 10 мыңнан астам жас ана SMS арқылы құжат рәсімдеген

Проактивті қызметті тұрғындар арасында насихаттау үшін  болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылып келеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу бойынша түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізудің нәтижесінде көрсеткіш өсіп келеді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, жыл басынын бері Түркістан облысында 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел сәбилерінің туу туралы куәлігін проактивті әдіспен, яғни SMS-хабарлама арқылы рәсімдеген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мәлімдеді.

Сонымен қатар, мекеме мамандары тарапынан "Проактивті өмірді таңда!" атты акциясы барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Проактивті қызметті тұрғындар арасында насихаттау үшін  болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылып келеді.

Айта кетерлігі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу жобасын жаңа жыл қарсаңында іске қосқан болатын. Содан бері баланың туу және басқа да тиісті қызметтерді тіркеу туралы өтініштер ата-аналардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылуда. Бұл қызметтер уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.  

Проактивті қызметті "Мобильді азаматтар" базасына тіркелген ел тұрғындары ғана қолдана алады. Оны мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисінде немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте ЖСН-ді ұялы телефонға байланыстыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Бұдан өзге, қазіргі таңда телефон арқылы шот нөмірі арқылы жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұруға мүмкіндік бар. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары