Түркістан облысында 2 мыңнан астам адамды кене шаққан

19 шілде, 2018, 14:54 2462 Түркістан облысы
Түркістан облысында 2 мыңнан астам адамды кене шаққан

Кене көбінесе жайылымдық жерде, маңында суы бар саябақтарда болады.

Биыл кене шаққандардың саны 2114 адамға жетті, деп хабарлайды BNews.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, 2017 жылы кене шаққандар саны 1727 болса, 2018 жылы 2114 адам.

"Бүгінгі таңда мамандар малдар мен төрт түлік жүретін жерлерді тексерді. Олар кене болуы мүмкін аумақтың бәрін өңдей алмайды. Адамдарды кене көбінесе үйде шағады. Кейде көпқабатты үйде де кене шағу жағдайы болады", - дейді ол.

Оның айтуынша, кене көбінесе жайылымдық жерде, маңында суы бар саябақтарда болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар