Түркістан облысында "Бұл – біздің таулар" фестивалі басталды - Жаңалықтар | BNews

Түркістан облысында "Бұл – біздің таулар" фестивалі басталды

10 тамыз, 10:38 2527 Түркістан облысы
Түркістан облысында

Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту.

Үш күнге созылатын іс-шара "Сайрам-Өгем" аумағында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. 

Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы билері - Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары