Түркістан облысында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Түркістан облысында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

13 шілде, 09:51 2543 Түркістан облысы
Түркістан облысында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2  шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған.

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2  шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-і бірлесе атқарып отыр. 

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің  ұзындығы - 1342,8 шақырымды құраса, оның 828,3 шақырымы қанағаттанарлық  жағдайда. 

Бұдан бөлек, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 11 жобаның  ЖСҚ-сы әзірленуде.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асқан уақытта Ленгер қаласы және 10 ауылдық округке қарасты 32 елді мекендегі 67 көшенің, яғни 10 240 тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары