Түркістан облысында халықаралық сауда кешені құрылады

02 қаңтар, 2019, 14:24 2193
Түркістан облысында халықаралық сауда кешені құрылады

Жоба 2019 жылы толық аяқталады.

Түркістан облысында Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешені құрылады, деп хабарлады 24.kz. Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданмен шектеседі.

Қазір Мақтаарал ауданын көрші елмен байланыстыратын 3 шекара өткізу бекеті жұмыс істейді. Ол жерден күніне жүздеген жеңіл көлік пен жүк көліктері өтеді. Жергілікті басшылардың айтуынша, қазір осы жолдың бойындағы "Сапар" базарын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған жеке кәсіпкер өз есебінен 100 млн теңгеден аса қаржы салған.

Базар аумағында Өзбекстанмен сауда-саттықты дамыту үшін Қытаймен арадағы "Қорғас", Қырғызстандағы "Дордай" базарлары сияқты сауда кешендері құрылады. Жоба 2019 жылы толық аяқталады. Сол кезде екі ел арасындағы сауда-саттықтың көгжиегі кеңейіп, мыңдаған адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Түркістан облысы #сауда #көлік

Читайте также

Похожие новости