Түркістан облысында көлік апатынан бір адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті

13 тамыз, 2018, 11:34 2396 Түркістан облысы
Түркістан облысында көлік апатынан бір адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті

Зардап шеккендер түрлі деңгейдегі жарақаттармен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді.

Түркістан облысында болған көлік апатынан бір адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті. 2018 жылғы 12 тамызда шамамен сағат 17:30-да "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан, деп хабарлайды BNews.kz Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болып, сондай-ақ 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы және жетеуі Өзбекстан азаматы. Зардап шеккендер түрлі деңгейдегі жарақаттармен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен СДТБТ-не тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері орын алған жол-көлік апатының себептерін анықтауда. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар