Түркістан облысында қуаты 20 MBT күн электр стансасы іске қосылады

01 ақпан, 2019, 12:51 3166
Түркістан облысында қуаты 20 MBT күн электр стансасы іске қосылады

Тартылған инвестиция көлемі – 35 млн. доллар.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жобаны қазақстандық "EcoProTech-Astana" компаниясы германиялық компаниямен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі – 35 млн. долллар.

Күн электр стансасының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылады. "Жасыл" энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы Қазақстандағы бірыңғай электр энергетикалық жүйесі болып табылатын "KEGOC" АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған. Жобаны "Түркістан" ƏКК" АҚ филиалы сүйемелдеуде.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Түркістан облысы #жоба #жылу электр станциясы

Читайте также

Похожие новости