Түркістан облысында күн жылынып, бәйшешек гүлдеді

17 қаңтар, 2019, 14:24 3114 Түркістан облысы
Түркістан облысында күн жылынып, бәйшешек гүлдеді

Оңтүстік аймақтың тұрғындары әлеуметтік желілерде көктем гүлінің суретімен бөлісіп жатыр.

Түркістан облысында қаңтар айының ортасында ауа райының мөлшерден тыс жылынуына байланысты бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады Оtyrar.kz.

Оңтүстік аймақтың тұрғындары әлеуметтік желілерде көктем гүлінің суретімен бөлісіп жатыр. Бұл құбылыс айтарлықтай ерекше, өйткені күнтізбеде қаңтар айы, ал термометр сыртта ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілгенін көрсетіп тұр.

"Күн қалыпты жағдайдан тыс жылынып кеткендіктен, көктемнің жаршысы бәйшешек жаңа мезгіл туды деп ойласа керек. Биыл расында оңтүстікте ауа райы сан құбылып тұр. Қаңтарда көктемдегідей көп жаңбыр жауып, селдетті. Жаңа жылдың алдында ғана бір рет қар жауып жұртшылылықты қуантып қойып еді. Шымкенттің әкімі айтқандай "жаңа жыл қарсаңында қар жауса бұл шымкенттіктер үшін сенсация". Расында солай. Жердің бетін аз ғана жапқан қар ертесіне-ақ еріп кетті", - делінген хабарлама мәтінінде.

Ауа райын болжаушылар өңірде әлі біраз уақытқа дейін күн жылы болады деп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар