Түркістан облысында мақта терімі басталды

12 Сентября, 2018, 11:15 695
Түркістан облысында мақта терімі басталды |  | BNews.kz

Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген.

Түркістан облысы Жетісай ауданында мақта терімі басталды, деп хабарлайды  BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда ауданда ақ алтынды қолмен теру жұмыстарын Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары бастады.

Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп  болжам жасап отыр. Енді бірер күнде мақта алқаптарына комбайндар жұмысқа кіріспек. Әзірдің өзінде ауданда 70-ке жуық "ДжонДир" мақта теретін комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталуда. Оның 65-і 4 жиекті. Яғни, әрбір комбайн бір мезетте 4 жиектегі ақ алтынды жинауға қауқарлы.

Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ, алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан көлемінде ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.   

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости