Түркістан облысында мектеп қызметшілерінің құқықтары қорғалды

13 қараша, 2018, 14:38 1838 Түркістан облысы
Түркістан облысында мектеп қызметшілерінің құқықтары қорғалды

Нәтижесінде аудандық білім бөлімінде жұмыскерлер алдында жалпы көлемі 6 млн. теңге қарыз пайда болған.

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 92 от жағушыға зиянды жұмыстармен айналысқаны үшін еңбек ақыға қосымша 30 пайыз мөлшердегі төлемдер жүргізілмей келген, деп хабарлайды BNews.kz Бас прокуратураның ресми сайтына ресми сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде аудандық білім бөлімі жұмыскерлер алдында жалпы көлемі 6 млн. теңге қарыз пайда болған.

Аудан прокурорының ұсынысымен от жағушылардың еңбек ақылары қайта есептеліп, пайда болған берешек толығымен төленді.

Сонымен қатар, прокурорлық талдаумен Арыс ауданының балабақшаларында 601 қызметкерге жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалмағаны анықталды.

ҚР Еңбек Кодексінің (23-бабының 2-тармағының 15-тармақшасы) талаптарын бұзғандарға шара қолдану үшін аудан прокуратурасы Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсыныс енгізді.

Бүгінгі күні прокурорлық акті негізінде аудандағы балабақша қызметкерлері жазатайым оқиғалардан толығымен сақтандырылды, ал заң талаптарды бұзуға жол берген балабақшалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабының 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар