Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға арналған фестиваль өтті

Написать нам
29 қазан, 2018, 10:45 1672 Түркістан облысы
Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға арналған фестиваль өтті

Шара барысында бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті.

Шардара ауданы "Аққала" демалыс аймағының жағалауында алғаш рет "Safari Shardara" атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасымыз "Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет" деп атап өткендей, болашақта Қазақстанда туризм өңірлік ғана емес, жаһандық  сипат алуы керек. Еліміздегі туризмнің өркендеуі үшін тарихи және туристік орындарымызды лайықты дамыта білсек, мемлекеттік бюджет толығып, әлеуметтің әл-ауқаты көтеріледі. Бүгін басталған "Safari  Shardara" фестивалі - көрші елдерге Қызылқұм мен Шардара суқоймасының жағалауы сынды жауһарларымызды танытатын шара болмақ. Сондай-ақ, біз осы іс-шара арқылы шағалалы Шардарада желкенді қайық спорты мен ат пен түйе жарыс, құсбегілік сынды ұлттық спорт түрлері мен өзге де ата кәсіптерімізді жаңғыртуды көздеп отырмыз. Мұның барлығы өңірдегі туризмді дамытып, бизнес аxуалды көтеруге бағытталған", - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деңгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, желкенді қайық, академиялық есу, жағажай волейболы мен футболы, қол күресі, гир көтеру, арқан тарту, бөренге өрмелеу, қошқар көтеру сынды жарыстардан сайыпқырандар бақ сынады. Сондай-ақ, қонақтар Шардара ауданының тарихымен, ауыл шаруашылығы өнімдері және ұлттық қолөнер көрмесімен танысты.  

Шардара ауданының өнерпаздары арнайы мерекелік "Safari Shardara" әнін орындады. Кейін Түркістан-Отырар-Шардара бағытында жүріп өткен мотобайкерлер сахна алаңында Motokross өнерін көрсетті. 

Фестиваль су айдынындағы қайықтардың шоуымен жалғасты. Онда сайысқа қатысқан 15 балықшы қайықпен жағалауға келіп, еліміздің Туын желбіретті. Балықшылардың соңынан байдарка есушілер өнер көрсетті. Кейін  би топтары және цирк өнерпаздары хореографиялық композиция орындады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар