Түркістан облысында жаңа емхана пайдалануға берілді

07 ақпан, 2019, 20:05 8300 Түркістан облысы
Түркістан облысында жаңа емхана пайдалануға берілді

Жалпы, Төлеби ауданында 54 денсаулық сақтау мекемесі жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында 20 мың жергілікті халыққа қызмет етуге арналған ауылдық емхана ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты. 

"Бірінші Мамыр ауылынан бой көтерген емхана дендеріңіздің сау болып, емен-жарқын өмір сүрулеріңізге себепші болсын. Мұнан бөлек, былтыр, 2018 жылы ауданда модульдік конструкция әдісімен жобалық құны 210 млн. теңгені құрайтын 7 медициналық бекет салынды. Олар - Оңтүстік, Жоғарғы Қасқасу, Қорған, Әңгірата, Алшалы, Ақайдар, Төңкеріс елді мекендеріндегі  нысандар", - деді аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев.

Төлебидегі Бірінші Мамыр ауылдық округіне Бірінші Мамыр, Тағайна, Ынтымақ, Алғабас, Жаңажол, Бейнеткеш, Зағамбар елді мекендері қарайды. Жаңа нысан осынау жеті ауылдағы 19 799 адамға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін болады. Қызмет көрсету радиусы - 11 шақырым. Мұнда бір ауысымда 100 адам келіп ем шараларын қабылдай алады. Сонымен бірге, ғимаратта 1 топ дәрігерлік жедел медициналық жәрдем көрсету бөлімі де орналасқан.

Мұнан кейін, аймақ басшысы Достық ауылдық округіне қарасты Ақайдар-1 елді мекеніндегі модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректің жұмысымен танысты. Ғимарат 600-ден астам тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.        

Жалпы, Төлеби ауданында 54 денсаулық сақтау мекемесі жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.      

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар