Түркістан облысында жылыжай көлемі артып келеді

02 қазан, 2018, 18:13 3128
Түркістан облысында жылыжай көлемі артып келеді

Келес ауданында 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істеуде.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барасында ауданның тыныс - тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі "Өктемхан" шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мұнда жылына 120 тонна көкөніс өнімдері өсіріледі. Жалпы жер көлемі 6 гектар болса, оның 0,65 гектарына жылыжай салынған. Қожалық иесі Тұрсынбай Қалыбаев өз қаражаты есебінен жобаға 22 млн. теңге қаржы жұмсаған. Бүгінде мұнда 60 мың теңге жалақымен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Аймақ басшысы ауыл шаруашылық тауарын өндіруге келкенде санына ғана емес, сапасына да ерекше мән беру керектігін айтты.

"Біздің облыс басқа өңірлерден ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Яғни, біздің өнімді еліміздің барлық аймақтары тұтынады. Одан бөлек, өзге елдерге экспортталып жатқаны қанша. Демек, біз сапаға мейлінше көңіл бөліуіміз керек. Сонда тауарларыңыз өтімді болады. Егер өнімнің сапасы жоғары болса, ұзақ сапарға да шыдамды, төзімді болары сөзсіз", - деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істеп келеді. Оның 4994-і шаруа қожалық болса, 120-сы өндірістік кооперативтер.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Түркістан облысы #Жансейіт Түймебаев #Ауыл шаруашылығы

Читайте также

Похожие новости