Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жеті мыңнан аса көшет отырғызылды

Написать нам
03 желтоқсан, 2018, 12:14 1764 Түркістан облысы
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жеті мыңнан аса көшет отырғызылды

Көбінесе қара тал, жиде, жабайы өрік, шырша көшеттері егілді.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Мақтаарал ауданында 7 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған көгалдандыру іс-шарасына барлық тұрғындар атсалысты, деп хабарлайды BNews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мақтаарал ауданын абаттандыруды қолға алғанымызға біршама уақыт болды. Міне, бүгін аудан көлемінде ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын бастап кеттік. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Тап осындай бастамамен аудан орталығы Мырзакент кентіне кіреберістегі республикалық маңызы бар жолдың бойына 1700 ағаш көшетін отырғыздық. Сондай-ақ, мұндай көгалдандыру жұмыстары ауданымызға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің барлығында жүріп жатыр" - деді аудан әкімі Бақыт Нәсірханұлы.

Жалпы көгалдандыру іс-шарасында кенттер мен аулыдық округ әкімдіктері өз аумақтарына қарасты үлкен тас жолдардың бойларына, ал мектептер мен мәдениет үйлерінің ұжымдары мекеме аулаларына ағаш түптерін отырғызды. Негізінен, қара тал, жиде, жабайы өрік, шырша көшеттері егілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: