Түркістан облысының Отырар ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді - Жаңалықтар | BNews

Түркістан облысының Отырар ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

14 шілде, 16:15 2441 Түркістан облысы
Түркістан облысының Отырар ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысының Отырар ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.

Түркістан облысының Отырар ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Онда 140 орындық "Алпамыс" бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық "Біләл ата" бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған нысандардың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл игі істер Елбасы саясатының арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті.

"Жалпы облыста 1790-дай балабақша болса, соның 1 мыңға жуығы жекеменшік. Мұның барлығына мемлекеттен қаржы беріліп отыр. Осының арқасында балаларды балабақшамен қамту көлемі артып отыр. Бұл мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесі мен жемісі деп білемін. Балабақшамен қамту бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда. Шетелде әр балаға 400 доллардан төлейді. Еуропадағы ең мықты деген елдердегі көпшілік балабақшадағы әрбір топта жатын бөлме, ойнайтын бөлме жоқ. Ал бізде Мемлекет басшысымыз болашақ ұрпаққа жақсы жағдай жасап отыр", - деді облыс әкімі.

Аталған бөбекжайларда жас ұрпақты сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманның үлгі етер жағдайы түгел жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мұнда бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Темір ауылында ашылған 200 орындық мәдениет үйінің жұмысымен танысты.

"Ұлт руханияты мен мәдениеті жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. "Мәдениет деген ұғым аясында – адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан" деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, дүниенің әдемілігі өнермен байланысты. Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Ұлт Көшбасшысы айтқан "Қазақ өркениетінің алтын діңгегі" Отырар даласы руханият пен мәдениеттің ошағы дер едім", - деді сөзінде Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, Отырар ауданынан - киелі өңірден кезінде өнер-ғылымның жетпіс жеті түрін меңгерген Әбу Насыр әл-Фарабидан бастап, Мәделі, Майлықожа, Ергөбек Қызыл жырау (Мырзабек), Елеусіз, Айтбай, Мұхтар Шаханов, Тәушен Әбуова, Әселхан Қалыбекова, Көпен Әмірбек, Бекарыс Шойбеков, Анар Жаппарқұлова, Маржан Есжанова, т.б. ақындар. Шәмші Қалдаяқов, Мыңжасар Маңғытаев сынды атақты композиторлар мен аса көрнекті коғам, мемлекет қайраткері этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібеков пен Әбіш Байтанаев, Әбдірахман Омбаев, Құлбек Ергөбек сынды көрнекті ғалымдар және Асантай Әлімов, Адасқан Алтаев секілді өлкетанушылар шыққан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: