Түркістан облысының Түлкібас ауданына соңғы 10 айда 13 мыңға жуық турист келген

29 қараша, 2018, 16:09 1658 Түркістан облысы
Түркістан облысының Түлкібас ауданына соңғы 10 айда 13 мыңға жуық турист келген

Алдағы уақытта аймаққа келушілердің саны арта түспек. 

Оның ішінде 700 адам шетелдің азаматтары. Жалпы өңір - этнотуризмді дамытуға қолайлы аймақ. Алдағы уақытта аймаққа келушілердің саны арта түспек. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан өзге, аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны - 57,2 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар - 54,2 мың адам.

"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды  даярлау бойынша  бес оқу орнымен келісім-шарт түзіліп, 195 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды. Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Бастау-бизнес" жобасы негізінде 166 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 157 адам сертификат алып, 52 азаматқа 207,8 млн. теңге несие берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 142 азамат жіберілді", - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Сонымен қатар, ауданда 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі  26 балабақшада жалпы 6560 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 97,8 пайызды  құраған.

Инфрақұрылым бойынша аудандағы 62 елді мекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Көгілдір отынмен қамтуда аудандағы 62 елді мекеннің 60-ы газбен қамтылған. Автожол саласы аудандағы 5 елді мекеннің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 149,8  млн. теңге бөлініп, оның 145,5 млн. теңгесі игерілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар