Түркістан облысының үш тұрғыны "ВКонтакте" желісінде экстемистік аудиожазбалар таратқан

20 қараша, 2018, 18:29 1610 Түркістан облысы
Түркістан облысының үш тұрғыны

Бұған дейін осы азаматтар сот үкімдерімен діни араздық пен алауыздықты қоздырғандары үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Прокурорлардың талап арыздары негізінде Түркістан облысының Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандарының соттары аталған аудандардың үш тұрғынының "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде орналастырған діни араздық пен алауыздықты қоздыратын аудиофайлдарды экстремистік деп таныды, деп хабарлайды BNews.kz облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін осы азаматтар сот үкімдерімен діни араздық пен алауыздықты қоздырғандары үшін 2 жылға (ҚР ҚК 174-бабымен) бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Прокурорлардың сотқа талап арыздарды енгізулеріне-ғаламтор желісінде таратылған аудиофайлдарда рулық, діни араздықты пен алауыздықты қоздыратын белгілері бар екендігін көрсеткен сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама қорытындысы негіз болды.

"Бұл орайда, "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес дiни араздықты немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылық жасау мен зорлық-зомбылық жасауға шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрi мен денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануға бағытталған әрекеттер экстремистік деп танылатыны халық назарына жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Бұндай әрекетер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қаралған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар