Түркістанда 2,7 млрд теңгеге жаңа сот ғимараты салынады

22 қараша, 2018, 11:49 1812 Түркістан облысы
Түркістанда 2,7 млрд теңгеге жаңа сот ғимараты салынады

Бұл кешенді жоспар аясында жүзеге асатын болады.

Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласында сот жүйесі қандай өзгерістер енгізілгені туралы айтылды, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық эконмика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов облыстық сот Түркістан қаласына көшіп, уақытша 843 шаршы метрлік ғимаратқа орналастырылғанын айтты.

"2,7 млрд теңгеге жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр. Бұл кешенді жоспар аясында жүзеге асатын болады. Шымкентте жаңа қалалық сот ұйымдастырылып, 4 аудандық сот, қалалық әкімшілік соты құрылды. Қосымша қаржы бөлінді. 4,2 млрд теңге қаржы көзделіп отыр", - деді Руслан Дәленов.

ҚР Заңнама институтының директоры Аслан Тукиев Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қосымша мамандар бөлінгенін айтты.

"Мемлекет басшысының жарлығынан кейін қосымша 20 судья, 40 әкімшілік қызметкер бөлінді. Осыған қоса, сот жүйесіне қосымша 5600 шаршы метрлік 5 ғимарат берілді. 90 орын баспанаға сәйкес өтінімдер ұсынылды", - деді институт директоры.

Тукиев Шымкент қаласы мен Түркістан облысында сот жүйесіндегі судьяларға деген жүктеме өте жоғары болып отырғанын атап өтті.

"Әкімшілік-аймаққа қатысты мәліметтер бойынша, бір судьяға Шымкент қаласында 160 істен, Түркістанда 200-ден астам істен жоғары. Өкінішке қарай, бұл тенденция барлық сотта бар. Республика бойынша орта есеппен 130 материалды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша біз қазір Үкімет пен Мәжіліске жүктемені азайту үшін сәйкес түзетулерді жолдадық", - деді Аслан Тукиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар