Түркістанда іскерлік орталықтың құрылысы басталды

30 Ноября, 2018, 16:12 3230
Түркістанда іскерлік орталықтың құрылысы басталды |  | BNews.kz

Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұратын болады.

Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласында  "іскерлік орталықтың" алғашқы құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BNews.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті.

"Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи тиімді кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған "ақылды ғимарат" қағидасымен жобаланған", - деді облыс басшысы.

Нысанның құрылысын "BI group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаланатын орталықтың құрылыс  жұмыстары жоспар бойынша 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің қатысуымен 2018 жылғы 29 қыркүйектегі өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында салынатын бірқатар нысандардың құрылысын бизнес өкілдерінің өз қаражаты есебінен жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, сол кезде облыстар мен Ұлттық компаниялар, ірі құрылыс ұйымдары, бизнес өкілдері және шетелдік инвесторлар тарапынан бірқатар құрылыс нысандарын іске асыруға ұсыныстар енгізіліп, қолдау тапқан. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости