Түркістанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 10 кітап жарыққа шықты

06 ақпан, 2019, 16:22 1585 Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістанда

Кітаптардың авторлары – елге белгілі қаламгерлер.

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында орналасқан "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығарылған 10 кітаптың таныстырылымы өтті. Оған өңірдің белгілі жазушылары мен ақындары қатысты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты. 

"Ақын-жазушылар, қолына қалам ұстаған тұлғалар – қашан да ұлттық құндылықтардың насихаттаушылары әрі қоғамның тірегі. Қазір Түркістан облысы тарихи кезеңді бастан өткеруде. Міне, осы тарихи кезеңде қаламгерлерлер қауымының облыстың дамуына қосатын үлесі орасан зор. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен жарық көрген 10 кітап оқырманға жол тартқалы тұр. Облыс әкімдігі тарапынан руханиятқа, әдебиетке қолдау көрсету жалғасады. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, Түркістанды түлетуге үлес қосайық", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Нұржанұлы.

Кітаптардың авторлары – елге белгілі қаламгерлер. Атап айтсақ, Мархабат Байғұттың "Аршакие", Ханбибі Есенқарқызының "Жібек", Нармахан Бегалыұлының "Жаз-жалбыз", Иса Омардың "Адамдық қағидасы", Момбек Әбдіәкімұлының "Зобалаң", Есқара Тоқтасынұлының "Беласқан", Захардин Қыстаубайдың "Жүректің сөзі", Нұрғали Қыдырбаевтың "Шығыстың Сұлтанбегі", Сәрсенбек Сахаббаттың "Қырғауыл қонған жидетал" сынды туындылары оқырманға жол тартты. Сонымен бірге жас ақындардың шығармалары "Түркістан түлектері" деген кітапқа топтастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар