Түркістандық үздік оқушылар өлке тарихымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Түркістандық үздік оқушылар өлке тарихымен танысты

Түркістандық үздік оқушылар өлке тарихымен танысты

Керуен-шеру тамыз айының 18-не дейін жалғасады. 

Түркістан облыстық  білім басқармасының ұйымдастыруымен  "Рухани жаңғыру"  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары үшін "Туған жерге тағзым" керуен-шеруі өтуде, деп хабарлайды BNews.kz облыстың ресми сайтына сілтеме жасап.

Маусымның 25-нен басталған шараның мақсаты - жас ұрпақтың туған жердің табиғатын аралап, киелі мекендерін көріп, өздеріне рухани азық алу болатын.

Облыс бойынша көп балалы отбасынан шыққан 500 оқушының жартысынан астамы бүгінде туған жердің тарихына үңіліп, табиғатын тамашалады. 

Толығырақ тоқталып өтсек, оқушылар үш жүздің басын қосқан – Ордабасы тауын, Сайрамдағы сансыз баптарды, Арыстанбаб кесенесі және көне Отырар қалашығын, әрі қарай Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Иассы қорғанын және осы секілді құнды жәдігерлері бар  мұражайларға саяхаттады. Мұнан бөлек, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, "Қазығұрттың басында кеме қалған" тарихи кешені, Ақсу-Жабағылы қорығы, Төлебидегі тау туризмі, экотуризм, жазғы сауықтыру демалыс орындары мен және Шымкент қаласындағы көрікті жерлерде болды. Бүгінде аталған бағыттар бойынша Қазығұрт және Мақтарал аудандарынан келген оқушылар  саяхаттап жүр.    

Аталған кең көлемді іс-шара мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің,  іргетасының бірі - оның  табиғи қорлары, табиғат байлығы екендігін ұғындырып және де оларды қорғап, құрметтеуге және сақтауға баулудағы ықпалы зор болмақ. Керуен-шеру тамыз айының 18-не дейін жалғасады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары