Түркістанға аумақтық органдардың алғашқы департаменті көшті

25 шілде, 2018, 15:17 1775 Түркістан облысы
Түркістанға аумақтық органдардың алғашқы департаменті көшті

Салтанатты түрде лента қию рәсімінен соң қатысушылар ғимаратта орналасқан өкілдіктердің жағдайымен танысты.

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі - Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды.

Салтанатты жиналысты облыс әкімі алғы сөзімен ашып, Елбасы Жарлығымен облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің облыстық органдарының Түркістан қаласында өкілдіктерінің ашылуы берілген тапсырманы орындаудың алғы шарттары екендігін атап өтті.

Заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет - бюджеттің салық түсімін көбейтуге септігін тигізері анық. Мұнда жалпы 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оның 40-ы электронды түрде көрсетіледі. Мамандар "Бір терезе" қағидасы арқылы халыққа жылдам әрі сапалы қызмет етпек. Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 млн. 48 мың қызмет көрсетілсе, оның 941-і электронды түрде көрсетілген.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Тортаев, Түркістан облысының құрылуымен құттықтай келе, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің облыстық органдарының өкілділігін жаңа облыс орталығында ашудың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдарды ғимараттармен қамтамасыз ету, орналастыру және көшіп келетін қызметкерлерге әлеуметтік жағдай жасауды үйлестіру жұмыстарын жүргізу екендігіне тоқталды.

Салтанатты түрде лента қию рәсімінен соң қатысушылар ғимаратта орналасқан өкілдіктердің жағдайымен танысты.

Еске сала кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастамақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар