Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасын жасаған байқау жеңімпаздарына 40 млн теңге беріледі

11 шілде, 2018, 15:03 1767 Астана
Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасын жасаған байқау жеңімпаздарына 40 млн теңге беріледі

Оның ішінде 1-орынға – 25 млн теңге,  2-орынға – 10 млн теңге, ал 3-орынға 5 млн теңге тағайындалған.

Түркістан түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде бас жоспарының тұжырымдамасына арналған халықаралық байқау жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығының 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік Тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды.

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.

Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде:

- 1 орын – 25,0 млн теңге;

- 2 орын – 10,0 млн теңге;

- 3 орын –   5,0 млн теңге.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Комиссия және Түркістан облысының әкімдігі

Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz

Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.

Еске сала кетейік, Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин облыс орталығында Түркістан аймағын Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның алғашқы отырысын өткізгені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Комиссия отырысы барысында Түркістанның бас жоспарына халықаралық конкурс ұйымдастырылатыны мәлім болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар