Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі - Мәдениет министрі

24 қыркүйек, 2018, 11:39 1594 Астана
Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі - Мәдениет министрі

Түркістан бойынша ТОП-10 туристік карта нысандары аясында жұмыстар жүргізілуде.

Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Түркістан бойынша ТОП-10 туристік карта нысандары аясында жұмыстар жүргізілуде. Елбасы айтып өткендей: "Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтқан жоқ. Бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады". Осыған байланысты қаланы дамытудың сәулеттік тұжырымдамасы туристік мүдденің магниті болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған", - деді министр.

Министрдің айтуынша, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар