Түркияда өтетін медициналық туризм көрмесіне еліміздің атынан 20-дан астам клиника қатысады

06 сәуір, 2018, 09:56 2785
Түркияда өтетін медициналық туризм көрмесіне еліміздің атынан 20-дан астам клиника қатысады

Мұндай іс-шараға отандық делегация алғаш рет қатысады.

2018 жылдың 5-8 сәуірінде Қазақстан, медицина, спорт және альтернативті туризм бойынша II Дүниежүзілік конгреске және Hestourex-2018 көрмесіне қатысады. Іс-шара Туризм министрлігі мен Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Анталиядағы ANFAS Expo орталығында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Көрмеде шетелдік туристерге Қазақстанда медициналық қызмет көрсетудің мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіретін толыққанды экспозиция ұсынылады. Іс-шараға Қазақстанның 21 жетекші медициналық орталығының, жеке клиникалары мен санаторлық-курорттық ұйымдардың 50-ден астам өкілі, сондай-ақ 100-ден астам қазақстандық туроператор мен турагенттік қатысады.

Қазақстан медицина туризмінің халықаралық қауымдастығына белсене қатысуға кірісті. Көрмеде Қазақстан делегациясы халықаралық туристік ассоциацияға мүшелік ету мақсатында әлемдік деңгейдеді ең ірі медицина ұйымдарына өз жетістіктерін таныстыратын болады.

2017 жылы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Дүниежүзілік медициналық туризм ассоциациясының мүшесі болып, Қазақстандағы медициналық туризмді дамыту перспективалары таныстырылған ірі халықаралық конференцияларға қатысты.

"Hestourex-2018" алаңы 200 елден 50 мыңнан астам делегатты біріктіреді. Көрмеде қатысушы 50 елдің стендттері көрсетіледі, B2B форматында 100 мыңнан астам келіссөз, сондай-ақ туризм саласындағы жетекші спикерлердің презентациялары өткізіледі.

Отандық клиникалар үшін бұл көрме әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдардың жетістіктерін ұсынуға, шетелдік пациенттерді тартуға және әлемдік жетекші клиникалармен, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен турагенттіктер ұсынатын туристік қауымдастықпен байланыс орнату мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірегей алаң болады.

"Қазақстан делегациясының қатысушылары халықаралық ұйымдармен, шетел клиникаларының басшылығымен, іскерлік кездесулерге қатысу, меморандумдарға және келісімшарттарға қол қою, сондай-ақ Анталиядағы клиникалар туралы ақпарат беруді жоспарлап отыр", - дейді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары Айман Искакова.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды модернизациялау жобасы шеңберінде медициналық туризмді дамыту және импортты алмастыру жөніндегі бастаманы жүзеге асыруда. Ол бойынша 2019 жылға дейін Қазақстан медицинлалық туризмі кем дегенде 32 мың турист шақырып, одан 1 млрд теңгеден астам қаражат тартуды жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#медицина #Түркия #Дүниежүзілік көрме #делегация

Читайте также

Похожие новости